Мамлют ауданында World Clean Up Day халықаралық акциясы аясында бірқатар экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ол қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, деп жазады Qazaqstan Media.
Акция барысында ауданның көгалдандырылуына үлес қосу мақсатында 250-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен жаппай сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында 10 текше метрден астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, сыртқа шығарылды, нәтижесінде қоғамдық орындар тазартылып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалды.

Іс-шаралар ынтымақ пен белсенділік атмосферасында өтті. Оған 700-ден астам адам қатысып, азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті танытты.
Тағы оқыңыз: Петропавл екінші ЖЭО-да тұрғызылған 180 метрлік мұржа қыркүйектің 30-ы іске қосылады