СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болып, кәсіпорындардың, жылқы фермасының жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Аудандағы Дубровное ауылындағы әлеуметтік нысандар жаңартылуда. Мектеп пен фельдшерлік-акушерлік пунктке күрделі жөндеу жүргізілуде. Мәдени-демалыс орталығында да жөндеу басталып кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ауданда үлгілі шаруашылықтар бар. «Белое-Агро» ЖШС Щучье ауылында жұмысшыларына жаңа үйлер салып жатыр. Сондай-ақ, өз қаражатына мәдени-демалыс орталығын қайта жаңғыртуда.
Сонымен қатар, Мамлютка қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ аудан орталығында жиһаз индустриясы үшін ДСП шығаратын зауыт іске қосылады.
Ал Бексейіт пен Бостандық ауылдарында биыл жаңа медициналық пункттер ашылады. Новомихайловка мен Покровкада фельдшерлік-акушерлік пункттер салынуда. Мамлютка, Дубровное, Воскресеновка, Краснознаменное, Бексейіт және Михайловкада су тарату желілері тартылып, Афонькино ауылында су қондырғысы салынуда.
Тағы оқыңыз:СҚО-да ауыл шаруашылығы санағы өтеді