Мамлют ауданында Отбасы күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Оған аудан әкімі Елена Степаненко қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қазақстанда Отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланады. Биыл бұл дата 8 қыркүйекке сәйкес келеді. Мамлют ауданында ұйымдастырылған мерекелік шараға алтын мерейгерлер, көп балалы отбасылар, жас жұбайлар, ауданның Аналар кеңесі, аудандық мәслихат депутаттары да қатысты.
Үлкен дастархан басында құттықтаулар мен тілектер айтылды. Жарты ғасыр бұрын шаңырақ көтерген қариялар отбасылық құндылық жайында айтып берді. Ерлі-зайыптылар отбасылық бақыттың құпиясымен бөлісті, викторина мен қызықты ойындарға, би сайыстарына қуана қатысты. Балалар үшін ойын алаңы ұйымдастырылды.
Қонақтарға үлкен мерекелік концерттік бағдарлама дайындалды.
Ал мәдениет саласы ардагерлерінің отбасы Пояркиндер ұлдарының әкесі туралы дайындаған тамаша бейнеролигін ұсынды. Отағасы болса өзі гитарамен ән салды. Кей шырқалған туындыларды ер адам өзі шығарған екен.
Тағы оқыңыз: Петропавлда ҰҰ академиясының 200-ден астам курсанты ант қабылдады