СҚО — ауыл шаруашылығы бойынша еліміздегі бетке ұстар аймақтардың бірі. Былтыр диқандарымыз алты млн тоннадан астам өнім алды. Биыл аталған межеден асып түсуіміз керек. Сол мақсатта Мамлют ауданы Менгесер ауылында «Ұлы дала астығы» атты дала күні өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараға облысымыздың түкпір-түкпірінен келген диқандар қатысты. Басқосу барысында қатысушыларға арналған көрме ашылды. Аумаққа неше түрлі заманауи трактор-комбайндар мен ауыл шаруашылығы жабдықтары қойылған. Ақпарат ұсынушы жандар әр дүниенің артықшылығына тоқталды.

Шара агросектор мамандары үшін маңызды тәжірибе алаңына айналды. Қатысушылар тәжірибе бөлісіп қана қоймай, нақты серіктестікке жол ашты. Бұл – шаруашылық дамуының нақты көрінісі. Жалпы, мемлекет тарапынан салаға ерекше қолдау көрсетілуде.

Мамлют ауданында дәстүрлі дала күні мерекесі өтті
Мамлют ауданында дәстүрлі дала күні мерекесі өтті

«Биыл мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын субсидиялауға 75 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. 22 млрд теңгеге 1200-ден астам су жаңа техника алдық. Бүгінде егін жинау науқанына арналған 7 мың комбайн бар. Оның 4 мыңға жуығы жоғары өнімді техника. Жалпы, науқанға дайындық 100 пайызды құрайды»,-деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Токужинов.

Шараның Менгесер ауылында өтуі тегіннен тегін емес. Себебі, «Мәмбетов и К» КС — облыстағы ең беделді шаруашылықтардың бірі. Бір сөзбен айтқанда, келген меймандарға көрсетері көп. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен ҚР Ауыл шаруашығы вице-министрі Аманғали Бердалин қатысты.

Шара барысында егіс науқанына дайындықты пысықтауға арналған семинар-кеңес өтті. Ресейден арнайы келген ғалымдар диқандарымызға сапалы өнім алудың қыр-сырын үйретті. Аграрилер білікті мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Мамлют ауданында дәстүрлі дала күні мерекесі өтті
Мамлют ауданында дәстүрлі дала күні мерекесі өтті

«Биыл СҚО-дағы егіс алқабының көлемі 4,4 млн гектар аумақты құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар – 3,3 млн гектар аумаққа, майлы дақылдардың алқабы – 760 мың, жемшөп 379 мың гектарға егілді. Ауа райы қолайлы болса орақ науқанына ертерек шығу қажет. Талмай еңбектеніп, мол өнім алуларыңызға тілектеспін!»-,деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық дәрігерлер өмір мен өлім арасында болған науқасты аяққа тұрғызды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *