11 қаңтар күні кешке М. Жұмабаев ауданына қарасты Майбалық ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Қайғылы оқиға салдарынан әкесі мен екі бала қаза тапты. Алайда екінші баланың денесі әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үй толықтай отқа оранған. Үй иесі – келіншектің айтуынша, өрт болған сәтте баспанада оның жұбайы мен екі кәмелетке толмаған баласы болған.

Майбалық ауылындағы өртте көз жұмған екінші баланың денесі әлі табылған жоқ
Майбалық ауылындағы өртте көз жұмған екінші баланың денесі әлі табылған жоқ

Өртті сөндіру және үйінділерді қарау барысында құтқарушылар ер адам мен бір баланың денесін тапты. Ал екінші баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнында департамент басшылығы жұмыс істеуде. ТЖД психологтары марқұмдардың жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Сонымен қатар жедел-құтқару қызметі де жұмылдырылған.

«Өрт 64 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД-ның жеке құрамынан 24 қызметкер мен алты техника, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы құрылымы қатысты»,- деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Қызылжар» футбол командасына «Euro 2020» додасының қатысушысы келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *