Бүгін – Мағжан Жұмабаевтың туған күні. Атаулы датаға орай жерлестері ақынның рухына тағзым етіп,  туған жерінде орнатылған бюстіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданында дүниеге келген. Оның «Шолпан» атты поэзия жинағы, «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» секілді поэмалары мен «Шолпанның күнәсі» әңгімесі жұртшылыққа кеңінен танымал.  Ақынның махаббат тақырыбына арнап жазған өлеңдері де қазақ поэзиясының қазынасына айналды.

Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

2000 жылдары облыстағы Булаев ауданына Алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың есімі берілді. Ал 2001 жылы аудандағы мәдениет үйінің алдындағы алаңда ақиық ақынның ескерткіші ашылды.

Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Мағжан Жұмабаев ауданында жыл сайын жерлесіміздің  бюстіне  гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Дәстүрлі іс-шараға биылда  аудан әкімі мен активі қатысты. Онда тұрғындар үшін Мағжан шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып, ақынның «Сағындым» атты өлеңі шырқалды.

«Ақиық ақынның бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі бізде жыл сайын өтеді. 2018 жылы Булаев қаласының төртінші орта мектебіне Мағжан Жұмабаевтың есімі берілді. Сондай-ақ сол жылы  Молодежный ауылдық округі Мағжан болып өзгертілген еді. Және сол округтегі  Молодежное ауылына  Жастар ауылы деген атау берілді», — деді М.Жұмабаев ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Алмагүл Мансұрова.

Қазіргі уақытта ауданның Александровка, Возвышенка, Қарақоға ауылдарында және Булаев қаласында ақиық ақынның атымен аталған көшелер де бар.

Тағы оқыңыз:Елімізде жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x