Петропавл қаласында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне М.Жұмабаев ауданының тауар өндірушілері белсенді қатысты. Олар қала тұрғындары мен қонақтарына 20түрлі өнім ұсынды. Ауылдың таза,сапалы тауарына сұраныс көп болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сергей Гурачтың омарташылықпен 1991 жылдан айналысып келеді. Содан бері балдың түр-түрін өндіріп, нарықтық жүйеге бейімделіп алған. Тоқырауға ұшыраған кездерім де, пайдаға кенелген уақыттарым да болды, дейді жеке кәсіпкер. Бірақ, қалай болғанда да ара өніміне сұраныс әрдайым бар. Әсіресе соңғы кездері табиғи өнім жақсы өтуде екен.

М.Жұмабаев ауданының тауар өндірушілері жәрмеңкеге 20 түрлі өнім әкелді
М.Жұмабаев ауданының тауар өндірушілері жәрмеңкеге 20 түрлі өнім әкелді

«Мен Советское деген ауылдан келдім. Қолымнан келетін іспен айналысамын. Ай сайын Дария базарында болатын жәрмеңкеге қатысамын. Осындай ірі сауда шараларынан да қалмаймын. Бүгін 100 келі бал әкелгенбіз. Барлығы дерлік сатылды. Тәтті беде балына сұраныс жақсы. Екі сағат ішінде сатып болдым»,- дейді саудагер.

Шынымен де бал сататын сөренің қасынан өтен тұрғындар саудасыз кетпеді.

«Өзім үйде тәттілерді пісіргенді ұнатамын. Балды жиі аламын. Бүгін 2100 теңгеден сатып алдым. Дүкендегіден біршама арзан», «таңертең міндетті түрде ыстық суға бір қасық бал қосып ішемін. Әйтпесе жүрегім қағады. Бал арзан екен»,«балдың бағасы арзан, сапалы. Мен жиі аламын»,- деп тұрғындар өз ойларымен бөлісті.

Жалпы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне М.Жұмабаев ауданы 20 түрлі тауар әкелген. Оның ішінде төрт түліктің еті, көкөніс бар. Картоп 20тонна,қырыққабат пен сәбір бір тоннадан жеткізілген. Бағалары қолжетімді. Картоптың бір келісі 200 теңгеден, сәбіз бен қырыққабат 150теңгеден сатылды.

М.Жұмабаев ауданының тауар өндірушілері жәрмеңкеге 20 түрлі өнім әкелді
М.Жұмабаев ауданының тауар өндірушілері жәрмеңкеге 20 түрлі өнім әкелді

«Картопты жақсы сатып алынды. Бір сағаттың ішінде бір тоннасы ғана қалды. Барлық көкөністерді аудандағы шаруалар еккен. Сонымен қатар, «Александровка» ЖШС май өнімдерін әкелді. Қарақұмық, зығыр, күнбағыс майларының бағасы литрін 1000теңге. Олар тауарын Қазақстан бойынша сатады. Сондай-ақ, «Чистовское» серіктестігі 600 келі қарақұмық әкелді, келісі 220теңгеден»,- дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әділжан Әлжанов.

Ауыл саудагерлері тек облыс орталығындағы жәрмеңкеге емес, республика көлеміндегі жәрмеңкелерге қатысады. Олар өнімдерін базар бағасынан 15-20% пайызға арзанға сатады.

М.Жұмабаев ауданының тауар өндірушілері жәрмеңкеге 20 түрлі өнім әкелді
М.Жұмабаев ауданының тауар өндірушілері жәрмеңкеге 20 түрлі өнім әкелді

«Біздің аудан әр жәрмеңкеге белсенді қатысады. Әр түрлі тауар әкеледі. Жуық арада аудан орталығында да осындай ауқымды ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырамыз. Бұл алдымен халықты қолжетімді тауармен қамтамасыз ету»,- дейді аудан әкімінің орынбасары Сайран Шәріпов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көктемгі ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *