М. Жұмабаев ауданында халықаралық интернет-алаяқтар желісіне қатысы бар бес азамат ұсталды. Күдіктілер сегіз алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталған. Шығын көлемі 38,5 млн теңге, деп жазады Qazaqstan Media.

Булаево қаласында облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы бес жас жігітті ұстады. Олардың бірі — Аққайың ауданының 21 жастағы тұрғыны. Ол  халықаралық интернет-алаяқтық желісінің құрамына кіретін ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деген күдікке ілінді. Полиция мәліметінше, ол төрт «дроповодтың» әрекетін басқарған. Олар «дропперлер» желісі арқылы жәбірленушілерден түскен қаржыны «қолма-қол ақшаға айналдырушыларға» аударумен айналысқан.

«Қазіргі уақытта күдіктілердің еліміздің әр аймағында, соның ішінде СҚО-да жасалған сегіз интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды. Бұл қылмыстардан келген жалпы шығын — 38,5 миллион теңгені құрайды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың Қазақстан аумағында жасалған өзге де интернет-алаяқтық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр»,- СҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы деді  Әлнұр Ахмедияров

Тағы оқыңыз: Қазақстанда кейбір пәндер біріктірілетін болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *