Жарыс көремін деп, зардап шекті. Мағжан Жұмабаев ауданында төрт адам стадиондағы дүңгіршектен донер жеп, уланып қалған. Барлығы аталған аймақта болған спартакиаданы көруге барған жандар, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жайсыз жайт тамыздың жетісі күні орын алды. Уланған жандардың барлығы Мағжан Жұмабаев ауданында өтіп жатқан спартакиада алаңына қойылған дүңгіршектен донер алып жеген.

Зардап шеккендердің үшеуі — бала. Барлығы облыстық орталығындағы жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайлары тұрақты,орташа.

«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын бастады. Тағамнан сынамалар алынды. Жақын арада нәтижесі шығатын болады»,- деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Тағы оқыңыз: Мағжан Жұмабаев ауданында «Жастар» спорттық спартакидасы басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *