М. Жұмабаев ауданында бес медициналық нысан салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол әлеуметтік нысандарға барып, диқандармен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Нұрсен Агро» сүт фермасы қазір кеңейтіліп жатыр. Мұнда жүргізіліп жатқан жұмыстармен ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов танысты. Сондай-ақ өңір жетекшісі «Агример» ЖШС элеваторы мен «Алтын астық 2050» сынды агрокәсіпорындарды аралады. Диқандармен кездесті.

«Аудан шаруаларымен кездескен облыс әкімі жаңа астықты өткізу және алдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелерін талқылады. Өңір басшысы ауданның жылыту маусымына дайындығын да тексерді. Облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданның мәселелерін талқылап, алдағы жоспарларды белгіледі», — деп көрсетілген облыстық әкімдіктің Telegram арнасында.

Қарақоғада ардагерлер және жастармен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

М. Жұмабаев ауданында бес медициналық нысан салынып жатыр
М. Жұмабаев ауданында бес медициналық нысан салынып жатыр

Ауданда әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. Алты елді мекенге асфальт төселсе, үш ауылға кіреберіс жол салынды. 

М. Жұмабаев ауданында бес медициналық нысан салынып жатыр

Үш медпункт пен екі ФАП-тың құрылысы жүріп жатыр. Кезекте тұрғандар үшін 45 пәтерлік үй салынды, жаңа супермаркет ашылды. Булаево қаласында сумен жабдықтау нысандары жөнделуде, бұл ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарта түспек.

 

Тағы оқыңыз: Ғ. Мүсірепов ауданында жаңа сот ғимараты ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x