М. Жұмабаев ауданында 15 жыл жөнделмеген жол дұрысталды

Мағжан Жұмабаев ауданында Булаево — Возвышенка — Молодогвардейское — Кирово — Қиялы – Рощинское автожолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жұмысқа 20 арнайы техника жұмылдырылған, деп жазады Qazaqstan Media.

М. Жұмабаев ауданы арқылы өтетін респуликалық маңызы бар жолға жөндеу жұмыстары осыдан 15 жыл бұрын жүргізіліпті. Автожолдың бұл учаскесі III техникалық санатқа жатады. Тәулігіне бұл жерден шамамен 1342 автокөлік өтеді екен. Осы уақытқа дейін республикалық автожол қауіпсіздік талаптарына сай болмаған.

«Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинско учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөнделген тас жолдың ұзындығы 39 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары барысында мамандар жүріс бөлігінің пайдалану сипаттамаларын қалпына келтірді. Суық қайта өңдеу әдісімен негізді орнату бойынша жұмыстар орындалып, жаңа асфальтбетон жабыны төселді. Сондай-ақ жолдың жиектері жабдықталып, белгілері қойылды. Қосымша үш автопавильон мен 140 жол белгі ауыстырылды», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда тағы бір фермер істі болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x