13 шілде күні Қазақстанда білім беру гранттарын алуға өтініштер қабылдау басталды. 2024-2025 оқу жылына жоғары оқу орындарында талапкерлер тегін білім алу үшін барлығы 112 мыңнан астам грант бөлінді. Оның 1500-і М. Қозыбаев атындағы СҚУ -ге тиесілі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Kozybayev University болашақ студенттерге есігін айқара ашты. Өтінімдерді университеттің арнайы комиссиясы, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады. Айта кетейік, білім беру гранттарын алуға өтініш қабылдау 24 шілдеге дейін жалғасатын болады.
«Біз стратегиялық серіктесіміз Аризона университетімен қос дипломдық жүйені жүзеге асырамыз. Біздің университет халық тығыз қоныстанған өңірлерден келген балаларға гранттар беру конкурсынада қатысады. Қазіргі таңда біз Батыс Қазақстан, Түркістан облысы, Шымкент қаласынан талапкерлердің құжаттарын қабылдап жатырмыз», — деді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы-ректор Ербол Исақаев.
Тағы оқыңыз:Елімізде су шаруашылығы және ирригация университеті құрылмақ