Мәжілісі депутаттары сайлаушылармен кездесу өткізіп, ауылдарды аралап жүр. Бұл туралы депутат Еркебұлан Мәмбетов әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жазды. Ол әріптесі Дмитрий Колодамен бірге Есіл ауданына болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Мәжіліс депутаттары Дмитрий Колода және Еркебұлан Мәмбетов Покровка – Мальцево ауылдарын байланыстыратын автожол көпірінің құрылысын қарады. Жоба аясында жеті шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіліп, төрт шақырымдық автомобиль көпірі салынуда. Құрылыс жұмыстарына 5,4 млрд теңге бөлінген. Аталған жоба аудан үшін стратегиялық маңызға ие және көлік қатынасының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Мәжілісі депутаттары ауылдарды аралап жүр
Мәжілісі депутаттары ауылдарды аралап жүр

Одан кейін Явленка ауылында аудан активімен кездесу өтті. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымның жай-күйі және өзекті мәселелер талқыланды.

Қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 77 млрд 773 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116,1 пайызға артты. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9 млрд 837,1 млн теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27 млрд 599,9 млн теңгеге жетті.

«Сапар соңында AMANAT партиясының аудандық филиалындағы қоғамдық қабылдауда азаматтар қабылданып, көтерілген мәселелер депутаттық бақылауға алынды»,- деп жазды депутат әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: СҚО -да бір түнде жолда қалған 10 адамды құтқарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *