Солтүстік  Қазақстан облысы Есіл ауданының 83 жастағы тұрғыны 10-шы қарашадан бері іздестірілуде. Қария үйінен түнгі сағат екіде шығып, оралмаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Сақа Сыздықовтың жоғалғаны туралы ұлы Ербол Сыздықов хабарлаған. Айтуынша, 1941 жылы туған әкесі түнгі сағат екіде үйден белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Туғандары оның ұмытшақ екенін, осыған дейін де үйден бірнеше рет кеткенін айтқан болатын.

Хабарлама түскесін зейнеткерді іздеуге ауыл тұрғындары, полиция, құтқарушылар мен кинологтар, сүңгуірлер жұмылдырылған  еді. Техника, ұшқышсыз ұшу аппараты да қосылды. Өкінішке қарай, қария әлі күнге дейін табылмаған.

«Зейнеткер әлі табылған жоқ. Тек мұз үстінен оның бас киімі табылды. Іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ, жалғасып жатыр», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Жолаушылар пойыздың қай жерде келе жатқанын онлайн бақылай алады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *