[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/1679914132777.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 90,3 млрд теңге жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді. Мұндай ақпаратпен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Министрлік өкілдерінің жариялаған ақпараты бойынша, биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 532,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 192,7 мың адамды құрайды. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері — қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Айта кетсек, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5% — ға өсті.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]