1 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Табиғатты қорғау полицейлері қорықшылармен және шаруашылықтармен бірлесіп күшейтілген режимде орман және аңшылық шаруашылықтарында, су айдындарында рейдтік шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы аптасында тәртіп сақшылары аң аулау ережелерінің 88 бұзушылығын анықтаған. Ең жиі кездесетін бұзушылық — түлкілер мен қояндарға тұзақ қою, бұған заңмен тыйым салынған. Сондай-ақ қаруды сақтау және тасымалдау ережелерін бұзудың 9 фактісі анықталды. Тәртіп сақшылары бүгінгі күні облыста аша тұяқты жабайы жануарларды аулауға тыйым салынғанын ескертеді.

«Қыс мезгілінде балық аулауды ұнататындар мұз үстіне мас күйде шығады немесе балық аулау кезінде спирттік ішімдіктер ішіп отырады, аулауға рұқсат беретін жол қағазынсыз келеді. Мұның барлығы балық аулау ережелерін бұзуға жатады. Полицейлер осындай 23 фактіні анықтады», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *