Мемлекеттік клиникаларға емделуге келген лудомандар енді диспансерлік есепке қойылмайды және тегін көмек алады. Ойын бизнесі мен лоторея қызметін реттеу туралы Заңда осындай өзгеріс енгізілген, деп жазады Qazaqstan Media.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда «лудоман» диаогнозымен небәрі 19 адам ресми есепте тұр. Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев бұл статистика елдегі шынайы картинаны көрсетпейді екен. Ал бейресми статистика бойынша 400 мыңнан астам адам құмар ойыннан зардап шегеді.
Оның айтуынша, құмар ойынға салынғандар мемлекеттік клиникаларға бара қоймайды. Себебі лудоман ретінде есепке тұрудың өз қиындығы бар.
«Лудомандар көмек үшін мемлекеттік клиникаларға жүгінбейтіні жасырын емес. Себеп – бұл осындай пациенттердің динамикалық есебі. Есепке алынған азаматтар жоғары оқу орындарына түсе алмайды, әскерде қызмет етпейді немесе жұмысқа тұра алмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, ресми есепте небәрі 19 лудоман тұр. Әрине, бұл статистика елдегі шынайы жағдайды көрсетпейді», — деді Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Тағы оқыңыз: МӘМС жүйесіндегі тексеріс: Шетелге көшіп кеткен азаматтарға дәрі-дәрмектерді ресімдеу фактілері анықталды