Қазақстанның тоғыз өңіріндегі 50 мектепте жүзеге асқан отандық «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы аяқталды. Бұл жоба мектептерде буллингтің алдын алуға және оның деңгейін төмендетуге бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бағдарлама аясында 70 мыңға жуық оқушы мен 5,5 мыңнан астам педагог қамтылды. Жоба бірнеше кезеңнен тұрды: қазіргі ахуалды диагностикалау, мектепішілік алдын алу жүйесін құру, педагогтерді оқыту және ата-аналарды тарту.

Әр мектеп өз жағдайын талдап, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардың қатысуымен буллингке қарсы іс-қимыл моделін қалыптастырды.

Апробация қорытындысы бойынша, буллингке қатысушы агрессорлар саны 1,5%-ға, өзін жәбірленуші сезінетін оқушылар саны 5,4%-ға азайған. Сондай-ақ, сенім арта алатын тәлімгері бар балалар саны үш есеге артты.

«Біз тек жанжалдардың азайғанын ғана емес, мектеп қауымдастығы ішіндегі сенім мен қолдаудың артқанын көріп отырмыз. Бұл – қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастырудың басты шарты», — деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

2025 жылдың  қыркүйегінен бастап, «ДосболLIKE» бағдарламасы барлық мектептер мен колледждерде енгізіле бастайды.

Тағы оқыңыз: Жүрегі тоқтап, қайта соққан. Петропавлда 4-ші қабаттан құлаған  әйелге кезекті операция жасалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *