ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді. Ел бойынша ол 9 653 адам, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазақстанға келетін қандастар үшін квота биыл былтырғымен салыстырғанда 170 адамға артық. Бұл шаралар өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру үшін жасалып жатыр. 2025 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінді:

Қандастар үшін: Солтүстік Қазақстан облысы — 175 адам, Павлодар облысы — 1 056, Ақмола облысы — 285 адам.  Шығыс Қазақстан облысы — 269 адам болса, Абай облысы үшін 244 квота бөлінді.  Қостанай облысы — 150, Атырау облысы — 100 және Батыс Қазақстан облысы 30 адам.

Қоныс аударушылар үшін: Солтүстік Қазақстан облысы — 2 969 адам,Павлодар облысы — 3 050 адам.  Қостанай облысы — 535 қоныс аударушыны қарсы алуға дайын. Шығыс Қазақстан облысына 372 квота, Абай облысына 255 квота қарастырылған. Ұлытау облысы — 125, Қарағанды облысы — 38 адам.

«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады. Оларға отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем беріледі. 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар төленеді. 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар да қарастырылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама, жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу бар. Тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру қарастырылған», — делінген министрлік ұсынған ақпаратта.

2024 жылы 20 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның екі тұрғыны үйдің шатырынан құлап, ауруханаға түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *