Қуан теріскей! Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Германияның Инцелль қаласында өтіп жатыр. Кристина Шумекова 500 метр қашықтықша өнер көрсетіп, басқаларынан оқ бойы озық болды.
Жерлесіміз 38,4 секунд нәтижемен мәре сызығын кесіп, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Екінші орынды канадалық Джулия Снелгров иеленді — 38.78. Үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска түйіндеді — 38.96. Айта кетейік, 2010 жылы дәл осы қашықтықта әлем чемпионатында Екатерина Айдова топ жарған болатын.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жастар арасында қоқыс мәдениетін қалыптастыруға арналған шара өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *