Крещение мерекесінде суға шомылғанда нені ескеру қажет?

19 -шы қаңтарда әдеттегідей православ дініндегілер “крещение” мейрамын атап өтеді. Бұл күні жұрт су қоймаларындағы арнайы ойықтарда суға шомылып, тиісті жоралғыларын жасайды. Биыл Петропавлда суға түсуге 2 орын дайындалған. Олар Есіл өзенінде — речной порт пен қалалық жағажайда болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Православ дініндегілер үшін қасиетті саналатын бұл күні тұрғындар өзен көлдерде шомылған сәтте сақтық шараларын сақтау қажет. Дәрігерлер бірнеше күн бұрын денені суық суға үйретіп және сол күні бір минуттан артық суда болмауға кеңес береді. Және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жедел жәрдемнің кезекші бригадасы кез келген уақытта медициналық көмек көрсетуге дайын тұрмақ. Ал төтенше жағдай қызметкерлері тек жабдықталған орындарда ғана суға түсу керектігін ескертеді.

«Мас күйде суға түсуге тыйым салынады. Судан сыртқа шыққанда, арнайы тұтқалардан ұсталынып шығу керек. Өйткені құлап, батып кету қаупі жоғары. Құтқарушылар, жедел жәрдем қызметкерлері болғанымен де суға түскен адамның жанында бір адам болуы қажет. Сол кезде оқыс жағдайдың саны азаяды. Ескере кететін жайт жүрек-қан тамыры жүйесінде кінәраты бар, бүйрек, астма және пневмониямен ауыратын адамдарға бұл күні шомылуға қатаң тыйым салынады»,-дейді Петропавл қалалық ТЖБ инженері Тимур Гусеев

Тағы оқыңыз:СҚО-да  пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру салдарынан мемлекетке 600 млн теңге шығын келтірілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x