Солтүстікқазақстандық 14 түлек Kozybayev University-нің грантына ие болды. Оларды мектеп бітірушілерге ЖОО-ның қызметкерлері табыстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгін өңір мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі өтті. Үлкен өмірге қадам басқан қыз-жігіттерді бұл күні М. Қозыбаев атындағы СҚУ қызметкерлері де құттықтап, 14 түлекке білім грантын табыс етті.  Тегін оқу мүмкіндігіне ие болғандардың бірі – Арыстанбаба Ешманов. Ол дарынды балаларға арналған ЛОРД мектеп-лицей-интернатының түлегі. Бұл грант оған АҚШ-тың Аризона университетінде оқуға мүмкіндік береді.

«Kozybayev University-нің грантын жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік. Аризона университетінде оқу – менің армандарымның бірі еді. Арманымның орындалғанына қуаныштымын. Алдағы уақытта еліміздің дамуына өз үлесімді қосқым келеді», — деді Арыстанбаба.

Мұндай гранттар облыстың дарынды оқушыларына табысталды. Грант иегерлері арасында ЛОРД мектеп-лицейінен бөлек, тағы Әлихан Бөкейхан атындағы  №25 орта мектеп, Тайынша ауданындағы Чкалов орта мектебі, БЭСТ гимназиясы, Қызылжар ауданының Озерное орта мектебі, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық мамандандырылған гимназия, Бескөл мектеп-колледжі және Шал ақын ауданы Кеңес орта мектебінің түлектері де бар.

Айта кету керек, Аризона университетімен бірлескен қос дипломдық бағдарламалар аясында 400 грант бөлініп отыр. Оның 200-і IT технологиялар, биотехнология және инклюзивті білім беру бағыттарына арналды. Бұл – жас түлектерге шетелде, атап айтқанда АҚШ-та, сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға қатысушылар Kozybayev University мен Аризона университетінің дипломдарын қатар алады. Оқу  ағылшын тілінде жүргізіледі. 

Тағы көріңіз: СҚО-да аудандық ТҮКШ бөлімі 1,8 қазандық сатып алған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *