Солтүстік Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны — Kozybayev University алғаш рет ең беделді білім беру рейтингтерінің бірі — QS World University Rankings 2026 тізіміне енді. Бұл — өңір мен ел үшін айтулы оқиға, деп жазды Qazaqstan Media. 

QS агенттігінің дерегінше, әлем бойынша 8,5 мың жоғары оқу орны арасынан тек 1,500 университет финалдық рейтингке енген. Олардың қатарында Kozybayev University 1401+ тобына еніп отыр. Қазақстаннан бұл рейтингке 20 университет кірсе, олардың бірі — СҚУ-дың болуы зор жетістік саналады.

«Бұл — университет ұжымының сапалы жұмысы, стратегиялық дамуы мен қажырлы еңбегінің мойындалуы», — делінген университет мәлімдемесінде.

Аталған жетістікке жетуде мемлекеттік қолдау, АҚШ, Еуропа және Қытай елдерімен серіктестік байланыстар, халықаралық форумдарға қатысу, академиялық ұтқырлықты дамыту, өңірлік академиялық және ғылыми экожүйені нығайту, сондай-ақ білім мен зерттеулер сапасына басымдық берілуі ерекше рөл атқарды.

Kozybayev University алғаш рет QS әлемдік рейтингіне енді
Kozybayev University алғаш рет QS әлемдік рейтингіне енді

Соңғы жылдары оқу орнының инфрақұрылымдық әлеуеті де айтарлықтай артты. Жаңа оқу-зертханалық корпустар мен заманауи жатақханалардың салынуы университеттің тартымдылығын күшейтті.

«Жаһандық рейтингке ену — бұл тек мәреге жету емес, жаңа серпінді даму жолының бастамасы. Осы үлкен жетістікпен студенттерді, оқытушыларды және серіктестерді шын жүректен құттықтаймын!» — деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бұл жаңалыққа байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Yandeх Qazaqstan» акселерациясының апталығы басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *