Келер жылдың алғашқы жұлдызынан бастап жаңа Салық кодексі шеңберінде корпоративтік салықтың сараланған мөлшерлемелері қолданыла бастайды. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Талғат Сәлкеев мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Маңызды өзгеріс қарсаңында тілшілермен тілдесуді жөн көрген баяндамашының айтуынша, 1-қаңтардан таза табыстан 20% ұсталатын болады. Бірақ, бұл жалпыға ортақ талап емес. Кейбір қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдардан өзгеше көлемдегі қаржы қазынаға аударылады.
«Мысалы, банк қызметінен ұсталатын корпоративтик табыс салығының мөлшері 25% құрайды. Ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіретін ұйымдарға бекітілген мөлшерлеме — 3, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерінен талап етілетін сома — 6%. Бұл норма сақталуы қажет. Егер қандай да бір кемшіліктер анықталып жатса, заңға сәйкес шара қолданылады. Ол үшін алдымен салықтық тексеру жүргізіледі», — СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Талғат Сәлкеев.
Талғат Сәлкеев мобильді аударымдарға қатысты да пікір білдірді. Егер белгілі бір тұлғаның шотына 3 айдың ішінде 100 мәрте ақша аударылса, жиналған қаржы 1 млн теңгеден асса, камералықдық бақылау жұмысы жүргізіледі. Сол кезде есепшот иесі мән-жайды түсіндіруге міндетті.
Тағы оқыңыз: СҚО-да A/H3N2 вирусын жұқтырған жандардың саны артуда

