Корнеевка ауылының тұрғындары екі тонна қоқыс жинады

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Есіл ауданы Корнеевка ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Елді мекен халқы екі тонна қоқыс жинап, 100 көшет отырғызған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сенбілікке еріктілер, кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер ұйымының өкілдері мен ауыл тұрғындары шықты. Олар 800 шаршы метр аумақты жинап, екі тонна қоқыс шығарған. Сондай-ақ елді мекен аумағында 100 көшет отырғызылды.

Корнеевка ауылының тұрғындары екі тонна қоқыс жинады Корнеевка ауылының тұрғындары екі тонна қоқыс жинады

«Сенбілікке 50-ден астам адам қатысты. Қоқысты шығаруға екі техника жұмылдырылды. Ауылдағы ескерткіштің аумағы абаттандырылып, жөнделді. Сондай-ақ елді мекенде ағаштар мен қоршаулар ақталды. Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіштің аумағын абаттандыру, және Үлкен Тораңғұл көлінің жағалауын тазарту жұмыстары жалғасты», — деді ауылдық округ әкімдігінің мамандары.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам мерт болды

 

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *