Конституциялық Сот азаматтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның (бұдан әрі — Заң) 13-бабы мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі — ӘҚБтК) 154-бабының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы жолданымын қарады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Заңның 13-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Осы тыйым салу бұзылған жағдайда адам ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Жолданым субъектісі Заңның 13-бабында белгіленген тыйым салу оның кәсіпкерлік қызмет бостандығына, сондай-ақ өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығын бұзады деп көрсетті.

Конституциялық Сот жария лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызмет бостандығына конституциялық құқықты іске асыруына байланысты шектеулер Конституцияның 33-бабының 4-тармағында көрсетілгендей саралануы және олардың лауазымдық міндеттерінің сипатына негізделуі тиіс, сондай-ақ олардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына жол бермеуге бағытталған деп санайды.

Сонымен қатар, тыйым салулар мен шектеулер басқа ынталандыру шараларымен бірге жүретіндей етіп белгіленуі керек. Қаралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеудің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Заңның 13-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдаған жөн.

«Конституциялық Сот мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығына шектеуді белгілеу бөлігінде, егер мұндай шектеу конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсаттарына байланысты болмаса, Заңының 13-бабы сәйкес келмейді деп таныды», — деді Петропавл қаласының прокуратурасы.

ӘҚБтК 154-бабы әкімшілік жауаптылық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу заңдарында белгіленген жағдайларда туындайды деген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп танылды.

Бұл норма 2023 жылғы 13 маусымнан бастап қолданылады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда әйелдің өтінен тауық жұмыртқасындай тас алынды

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *