6-22 ақпан аралығында Италияда 25-ші қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Жаһандық додаға қатысатын үкілеген үмітіміз Надежда Морозованың қай күндері өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Төрт жылда бір келетін жаһандық додада облысымыздан жалғыз Надежда Морозова ғана өнер көрсетеді. Конькимен жүгіру спортынан 4 бірдей жолдама алған жерлесіміз жорығын 7-ші ақпан күні бастайды. Ол күні теріскейлік 3000 метр қашықтық бойынша сынға түседі.

Ал 1000 және 5000 метр дистанциядағы бәсекелер ақпанның 9-12-сі күндері өтеді. Үкіліген үмітіміз Олимпиададағы жорығын 14-ші ақпанда тәмамдайды. Бұл күні ол эстафета бәсекесінде ел намысын қорғамақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көліктегі полицейлер ереже бұзған тұрғындарға 40 млн теңге айыппұл салған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *