СҚО полицейлері Армения Республикасының полицейлерімен бірлесіп, мемлекетаралық іздеуде жүрген петропавлдықты ұстады. Күдікті кісі өлтіруге оқталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қыркүйек айының соңында Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханаға пышақ жарақатын алған қала тұрғыны түскен. Бұл туралы хабарлама алған полицейлер дереу қылмыс жасаған адамды анықтау және ұстау шараларын қабылдады. Бейнебақылау камераларының арқасында күдікті анықталды, бірақ ол Ресей Федерациясына қашып үлгерген екен.
«Полицейлер дереу шекара асып кеткен ер адамды мемлекетаралық іздеуге жариялады. ТМД елдеріндегі әріптестерімен жедел ақпарат алмасу кезінде күдіктінің қайда екені анықталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған», — деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір Арменияда ұсталған петропавлдықты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Республика күніне орай салтанатты шара өтті