Солтүстік Қазақстан облысында көктем басталғалы 408 адамды кене шаққан. Оның бесеуінен кене энцефалиті анықталып, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері өңірде 408 кене шағу жағдайы тіркеліпті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге көп. Зиянды жәндіктен зардап шеккендердің 106-сы 14 жасқа дейінгі балалар.

«Соңғы екі аптада кене шағудың 161 жағдайы тіркелді. Бұл алдыңғы екі аптаға қарағанда көп. Өткен апатада 155 адам зардап шеккен болатын. Кенелер көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары ретінде қауіпті, мысалы: кене энцефалиті, боррелиоз, туляремия, кене сүзегі және басқалар. Кене вирустық энцефалиті әсіресе қауіпті, ол мүгедектіктен өлімге дейін әкелуі мүмкін», дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова.

Мәселен, эпидемиялық маусым басталғаннан бері облыста кене энцефалитінің бес жағдайы тіркелді. Яғни, бес адам осы ауруға шалдыққан. Қазір науқстар ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайлары орташа, ауыр жатқан науқастар жоқ. Дәрігерлердің қарауында жатқандардың  үшеуі Петропавл қаласынының, екеуі Қызылжар ауданының азаматы.

Мамандар өзіңізден кене табылған кезде, оны мұқият алып тастауға және герметикалық ыдысқа салуды ұсынады. Кейін кене энцефалиті вирусын және басқа кене инфекцияларын тексеру үшін кенені зертханаға жеткізу керек.

«Шағып алғаннан кейін кеңес алу үшін және қажет болған жағдайда иммуноглобулинді енгізу үшін тұрғылықты жеріңіздегі емханаға жүгініңіз. Табиғатта серуендегеннен кейін өзін — өзі және өзара тексерулер жүргізуді ұмытпаңыз. Қазірдің өзінде 597 адам кене энцефалитіне екпе алды», деді Айнаш Сағындықова.

Облыста кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақ Айыртау ауданы болып табылады. Жыл сайын осы аумақта сәуір және қыркүйек айларында кенеге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар жүргізіледі екен.

Тағы оқыңыз: Ұмыт болған ұлттық тағамдар қайта жаңғыртылды: Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжінде этностильдегі шеберлік сабағы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *