"Келешек" ерікті жинақтау бағдарламасы: ата-аналар не істеуі керек

Балалардың оқуына ақша жинауға мүмкіндік беретін «Келешек» бағдарламасы 2024 жылы іске қосылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір бағдарлама бойынша заңнамалық өзгерістер қабылданып жатыр. Осы жүйенің серіктесі атанатын екінші деңгейлі банктер әзірге анықталмаған.

«Қаржылық тұрақтылығы ең жоғары банктер іріктелетіні түсінікті, әрине. Оларға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк тарапынан қатаң талаптар қойылады», — деді Саясат Нұрбек үкіметте өткен брифингте.

Министрдің болжамынша, жетекші 6-7 банк бағдарламаның серіктесі атануы мүмкін.

Сондай-ақ ол бағдарламаның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

«Келесі жылдан бастап кез келген ата-ана серіктес банктердің біріне барып, баласының оқуына ақша жинау үшін арнайы қорғалған шот аша алады. Ең төменгі жарна 1 АЕК немесе 3 450 теңге, бұл жинақ үшін талап етілетін ең төменгі сома. Ата-аналарды ынталандыру үшін мемлекет бастапқы капиталды салады», — деді ведомство басшысы.

Саясат Нұрбек болашақта «Келешек» ерікті жинақтау жүйесіндегі ақша мен «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жиналған қаржыны біріктіруге болатынын атап өтті.

«Егер бала грантпен оқуға түссе, бағдарлама бойынша жиналған қаражатты баспана сатып алу үшін жұмсауға немесе отбасындағы бауырларына беруге болады. Яғни біз жоғары білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ата-аналарға барынша жағдай жасап отырмыз», — деді министр.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін келесі жылы енгізуді тапсырды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда он күн ішінде көктайғақ салдарынан 430 адам жарақат алды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x