Қазақстандық емханаларда медбикелер кейбір науқастарды өз беттерінше қабылдау құқығына ие болды. Ол медицналық мамандар арасында функционалдық міндеттерді қайта бөлу нәтижесінде бекітілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Орта медициналық персоналды науқастарды тексеруге мүмкіндік беретін бағдарламалар бойынша оқыту басталды. Оның ішінде кардиология, нефрология, эндокринология, гастроэнтерология, офтальмология, оториноларингология және хирургия сияқты бірқатар бағыттар бар. ҚР денсаулық сақтау министрілігінің мәлімертінше, бұл дәрігерлерге жүктемені неғұрлым ұтымды бөлуге және бастапқы буынның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар медицинадағы тағы бір жаңалық ол – шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін виртуалды медициналық кабинеттердің ашылуы. Мысалы, ауыл азаматы өзінің фельдшерлік-амбулаториялық пунктіне (ФАП) жүгінеді, мұнда фельдшер пациентті алғашқы тексеруді жүргізеді. Егер қажет болған жағдайда оны телемедициналық желі бойынша бейінді маманға қосады.
«Виртуалды кабинеттерді» енгізу алдымен пилоттық өңірлерде тестілеуден өтеді, содан кейін осы жаңалықты жаппай енгізу туралы шешім қабылданады», — деп жазылған министрлік хабарламасында.
Тағы оқыңыз: СҚО-да бизнес үшін электр энергиясының бағасы төмендетіледі