[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-17-at-09.36.53.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Олег Иванов Солтүстік фанер комбинатына да барды. Үміткердің “солтүстік үстемақыларын” қайтару туралы идеясы зауыттықтар арасында қолдау тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Айта кетсек, комбинатта негізінен жастар жұмыс істейді. «Солтүстік үстемақылары» 90-жылдардың ортасында алынып тасталғандықтан, қызметкерлер бұл жайында біле бермейді. Дегенмен, ұсыныс олардың құлағына майдай жақты. Олар мұндай жеңілдіктер қарастырылса жақсы болар еді деген өтініштерін білдірді. Өйткені, теріскейдің қатал климатынан тұрғындар басқа өңірлерге қарағанда көбірек шығындалады. Олег Иванов бұл жоспарды іске асырудың жолдарын да айтып берді.
«Мен бос уәде беруден аулақпын, оның орнына нақты әрекеттерді ұсынамын. Жеке кәсіпорындарда салық жүктемесін азайту арқылы үстемақыларға қол жеткізуге мүмкіндік бар. Мәселен, табыс салығын төмендетсек, қысқартылған қаражатқа қызметкерлерге «солтүстік коэффициентін» төлеуге болар еді», — дейді Олег Иванов.
Зауыт жұмысшылары депутаттыққа кандидаттың өңірдің жас мамандарын жұмысқа орналасқаннан кейінгі алғашқы 2 жылда қысқартулардан қорғау туралы тағы бір бастамасын қуана қабыл алды. Бұл жерде мемлекеттің оларға ипотекалық бағдарламаларды субсидиялауға басымдық берудегі көмегі жайлы да айтылды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]