КамАЗ автокөлігі Петропавл су торабының қоршауына барып соғылды

Петропавлдың 20-шы шағын ауданындағы көпірде КамАЗ автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, су торабының қоршауына барып соғылған, деп хабарайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есіл өзені су торабындағы жол көлік оқиғасы таңғы 11 кезінде болған. 24 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпірдің темір қоршауына соғылған. Нәтижесінде жол қозғалысы тоқтап, көлік кептелісі орын алды. Зардап шеккендер жоқ.

«Алдын ала берілген ақпарат бойынша, жүргізуші мас емес. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 610 бабының 1 бөлігі «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша хаттама толтырылды», — деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл балалардың қатысуымен 57 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x