Кадрлық ауыс-тиіс: СҚО полиция департаментінде жаңа тағайындаулар

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы ауысты. Енді бұл қызметті Әлібек Ғабдуллин атқармақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

39 жастағы Әлібек Ғабдуллин ішкі істер органдарында 2002 жылдан бастап қызмет етеді. Ол ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. Еңбек жолын учаскелік полиция инспекторы болып бастады. Осы тағайындауға дейін Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болған.

Кадрлық ауыс-тиіс: СҚО полиция департаментінде жаңа тағайындаулар

 

Ал оның орнына осыған дейін қалалық ПБ жедел басқару орталығының бастығы болған Қайырбек Баймонкенов келді.

Кадрлық ауыс-тиіс: СҚО полиция департаментінде жаңа тағайындаулар

Сондай-ақ Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің бастығы да ауысты. Енді бұл қызметті Жамбыл ауданының ПБ бастығы лауазымын атқарған Асан Мейрамов атқармақ.

Кадрлық ауыс-тиіс: СҚО полиция департаментінде жаңа тағайындаулар

Ол ІІО-да 1996 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарға тағайындалғанға дейін 15 жыл бойы жедел жұмыспен айналысқан.

Тағы оқыңыз: СҚО-да гид пен экскурсоводтарға сұраныс артқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x