Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында солтүстікқазақстандық палуан Мейіржан Берекетов чемпион атанды, деп жазады Qazaqstan Media.
Мейіржан Берекетов Солтүстік Қазақстаннан барған жалғыз палуан. Ол келі саламақ дәрежесінде сынға түсті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жерлесіміз төрт кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады. Ақтық белдесуде әзербайжандық қарсыласын жартылай жеңіспен тізе бүктірді. Осылайша, Мейіржан Берекетов Қазақстан құрамасына алтын сыйлап, чемпион атанды.
Осыған дейін редакция, Көшпенділер ойындарда ел құрамасы қоржынында 25 медаль бар екенін жазған едік.
Тағы оқыңыз: Петропавлда автотұрақта тұрған көлік жанып кетті