Көрісу күні: Петропавлда кітапхана қызметкерлері Амал мерекесін ерекше тойлады

Петропавлдағы Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті. Бүгін Көрісу күніне орай мұндағылар аға буын өкілдеріне дастархан жайып, қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кітапхана төрінде кең дастархан жайылып, онда қазақтың ұлттық тағамдары қойылған. Бауырсақ, жент, ірімшік және келген қонақтарға Наурыз көже ұсынылды.

Көрісу күні: Петропавлда кітапхана қызметкерлері Амал мерекесін ерекше тойлады

Көрісу күні: Петропавлда кітапхана қызметкерлері Амал мерекесін ерекше тойлады

Амал мерекесін кітапхана қызметкерлері ерекше тойлап, екі ауылға бөлініп, бір-біріне думандатып, шашуын шашып, қонаққа барды. Жастар үлкендерге сәлем беріп, барлығы бір-бірімен төс қағыстырды.

Көрісу күні: Петропавлда кітапхана қызметкерлері Амал мерекесін ерекше тойлады

Көрісу күні: Петропавлда кітапхана қызметкерлері Амал мерекесін ерекше тойлады Көрісу күні: Петропавлда кітапхана қызметкерлері Амал мерекесін ерекше тойлады

«Амал мерекесін биыл ерекше тойлағымыз келді. Сөйтіп, екі ауылға бөлініп, ауылдың алты ауызын шырқап, игі дәстүрімізді жастарға көрсетейік деп шештік. Қазақтар бұрындары Көрісу күнін осылай қарсы алған. Соны біле жүрсін деген мақсатпен осы шараны ұйымдастырдық. Жалпы мұнда Sana әдеби-музыкалық клубының мүшелерін шақырдық. Онда өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген жандар мүшелік етеді», — дейді И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкері және Sana әдеби-музыкалық клубының жетекшісі Алтынай Қожабайқызы.

Дастархан басына жайғасқан сыйлы қонақтарға ас беріліп, сый-сияпат жасалды. Үлкендер жағы бата беріп, қазақтың ұмыт болған салт-дәрстүрлерін жастарға айтып берді.

Көрісу күні: Петропавлда кітапхана қызметкерлері Амал мерекесін ерекше тойлады

«Бұрындары ата-бабаларымыз қыстан аман шықтық деп, осы Көрісу күнін тойлайды екен. Бір кездері осындай тамаша мейрамдарымыз, салт-дәстүрлеріміз ұмыт болған еді. Енді солардың барлығын қайтадан жаңғыртып жатырмыз. Бұл қуантарлық жағдай. Енді осындай жарқын мерекелеріміздің барын ұрпағымыз білсін дейміз. Кітапхана ұжымына осындай шара ұйымдастырып жатқандарына алғысымды білдіремін. Шынымен де, қазақы бір ауылдың көрінісін жасады», — деді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин.

Жиналғандар қазақтың ұлттық ойыны «Сақина салуды» ойнап, бір-бірінен қонақкәде сұрасты. Кейін салт-дәстүрден үзінді көрсетілді. Келін түсіріп, «Беташар» жасалды.

Көрісу күні: Петропавлда кітапхана қызметкерлері Амал мерекесін ерекше тойлады

«Президентіміздің Наурыз мерекесіне ерекше мән беріп отырғандығы қуантады. Мейрамды тойлаудың онкүндігі бүгін, міне басталып отыр. Және де әр күннің өзінің тақырыбы бар. Бұл мерекенің маңызын одан әрі биіктете түседі деген ойдамын. Осы аралықта барлығымыз салт-дәстүрлерімізбен тереңірек танысып, ұлттық киімдеріміздің ерекшеліктерін білетін боламыз. Жалпы, осы он күнді тек той-томалақпен өткізбей, ізгі амалдар жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру көзделген», — деп атап өтті М. Қозыбаев атындағы СҚУ «Тарих, құқық және экономика» факультетінің деканы Зәуре Картова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Qazaqstan Media редакциясы Наурыз мерекесіне орай облыс орталығында қандай іс-шаралар жоспарланғандығын жазған болатын.

Тағы оқыңыз: СҚО-да колонияға төрт бірдей телефон өткізбек болған азамат ұсталды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x