Петропавлда көліктер жарысы өтіп жатыр. Республикалық турнирдің 3 кезеңіне әртүрлі жастағы 43 азамат қатысуда. Трассаға шыққан ең кішкентай қатысушының жасы бар болғаны — 9-да,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда көліктер жарысы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Ең алғашқысы осыдан 6 жыл бұрын болған екен. Ол кезде сайыс автобус паркінде ұйымдастырылған. 2018 жылдан бері аталмыш дода Петропавл ауыр машина жасау зауытының алаңында өтіп келеді.

“Қауіпсіздік шаралары — басты назарда. Төтенше жағдайлар департаменті мен патрульдік полиция, медицина қызметкерлері қолдау білдіріп жатыр. Көліктердің жағдайы алдын ала тексеріледі. Жүргізушілер міндетті түрде бастарына шлем киеді, бұны да бақылаймыз. Бүгінгі трассаның ұзындығы 1300 метрді құрайды”, — дейді сайыстың жүргізушісі Евгений Мурыгин.

Бәйгеге жан-жақтан келген 43 жүргізуші қатысуда. Ең үлкені 48-де болса, кішісінің жасы 9-да. 4-сыныпқа көшкен Артур Набиулинге сақтандыру берілген, яғни жарысқа жасына қарамай қатысуына болады.


Көлік жүргізуді әкем үйретті. Ол өзі де бұрын осындай жарыстарға қатысып жүрген. Шыны керек, аздап қорқыныш бар, дегенмен автоспортқа деген қызығушылығым басым”, — дейді көкшетаулық Артур.


Республикалық турнирдің 3 кезеңіне 8 қаланың ойыншылары қатысуда. Сайыс шамамен сағат 4-5 ке дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Облыстық көпсалалы ауруханың құрылысы 2024-ші жылы аяқталуы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x