Петропавлда түнгі клубтардың бірінде екі адамды пышақтап кеткен Көкшетау қаласының 17 жастағы тұрғыны іздестірілуде, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Түнгі клубта пышақ жарақатын алған екі петропавлдық медициналық көмекке жүгінген. Тиісті ем-дом шаралары жасалған соң олар үйлеріне жіберілген. Ал оларға пышақ сұғып алған азамат қазір іздестіріліп жатыр. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті Көкшетау қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бұрын сотталған және Ақмола облыстық полиция департаментінде есепте тұр. Қазір оны іздестіру шаралары жүргізілуде. Іс полицияның бақылауында», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бөгетті қалпына келтіруге 851 млн теңге бөлінді