Тимирязев ауылында жаңа саябақ пайда болды. Оны аудан орталығының 60 жылдық мерейтойына орай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер салып берген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 

Саябақтың құрылысы мамыр айында басталған. Оған 45 млн теңге жұмсалды. Бұл — ауданның 60 жылдық мерейтойына кәсіпкерлердің жасаған сыйы. Демалыс орны тұрғындардың көңілінен шықты.

Кәсіпкерлер сыйы: Тимирязев ауылында саябақ салынды
Кәсіпкерлер сыйы: Тимирязев ауылында саябақ салынды
Кәсіпкерлер сыйы: Тимирязев ауылында саябақ салынды
Кәсіпкерлер сыйы: Тимирязев ауылында саябақ салынды

«Саябақтың салынғанына өте қуаныштымыз. Енді осындай келіп қыдырып, серуендейтін боламыз. Балалар да осындай жиі сұранады. Іші жайлы, таза. Осы жердің сәні кіріп қалды» — дейді аудан тұрғыны Елена Токарева.

Құрылыс жұмыстарын алматылық компания жүргізген. Олар бұл жерді жасыл желекпен көмкеріп,  600 түп көшет отырғызған. Оның ішінде сібір шыршасы, қарағай, қайың және өзге де ағаштар бар. 600 шаршы метр жерге қырлы кеспе тас төселді.

«Демалыс орнына 40 шам мен 3 беседка орнатылды. Орталық мәдениет және демалыс саябағы көпшіліктің сүйікті орнына айналды. Қазір балалар ойын алаңына жер әзірлеп жатымыз. Оған облыстық бюджеттен 66 млн теңге бөлінді. Ол жерде жасанды жабындысы бар футбол алаңы, көше тренажерлары және кішкентай бүлдіршіндер үшін ойын алаңы орнатылады» — деді аудан әкімінің орынбасары Рүстем Рамазанов.

Кәсіпкерлер сыйы: Тимирязев ауылында саябақ салынды
Кәсіпкерлер сыйы: Тимирязев ауылында саябақ салынды

Балалар алаңы қыркүйек айында қолданысқа берілмек.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Байқара» ғибадатхана кешені ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x