Кәсіпкерлер АИТВ-мен ауыратын балаларға жаңа жылдық сыйлықтар әзірледі

Халықаралық еріктілер күні аясында облыстық ЖИТС (СПИД) орталығының мамандары әлеуметтік желілерде «Баға жетпес көмек» челленджін бастады. Мақсаты — адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыратын (АИТВ) балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсету, балдырғандарға жаңа жылдық сыйлық дайындау, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ЖИТС орталығының челленджін «Феникс» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Қарлығаш Ақынова, «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС басқарма төрағасы Ерсұлтан Шамшиев қолдады.

«Мен бастамашыл, қамқор солтүстікқазақстандықтарды челленджге қосылуға шақырамын:

— игі іс жасауға,

— ол туралы әлеуметтік желілерде айтуға,

— туыстарыңызды, достарыңызды және әріптестеріңізді челленджге қатысуға шақырыңыздар.

Игі істер көбейе берсін!», — деп жерлестерді акцияға қосылуға шақырады ЖИТС облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ринат Үлмесеков.

Бүгінгі күні өңірде иммун тапшылығы вирусы инфекциясымен ауыратын 14 жасқа дейінгі 12 бала бар. Соңғы екі жылда індетке шалдыққан балалар тіркелмеген.

2023 жылдың 11 айында 126 адам анықталды, оның ішінде 124 Қазақстан Республикасының азаматы және 2 шетел азаматы.

Тағы оқыңыз:  «Келешек» ерікті жинақтау бағдарламасы: ата-аналар не істеуі керек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x