Инфрақұрылымның жоқтығынан кәсіпкерлер зауыттың құрылысын бастай алмай отыр

«Qyzyljar» АЭА 3-ші субаймағында инфрақұрылым жоқ. Салдарынан отандық ірі кәсіпорын «Atameken-Agro» холдингі май экстрациялау зауытының құрылысын бастай алмай отыр. Мұнда су, жылу тіпті, жолда жоқ. Мұны кәсіпорын басшысы өңірге іс-сапармен келіп, тұрғындармен кездескен ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбековке жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Atameken-Agro» холдингі 2024 жылдың 2-ші тоқсанында Петропавлда май экстракциялау зауытын салуға кіріспек. Инвестиция құны — 19,4 млрд. теңгені құрайды. Зауыт тәулігіне 1200 тонна өнім өндіруіге қауқарлы болмақ. Және 250 солтүстікқазақстандық тұрақты жұмыспен қамтымақ. Алайда зауыт директоры «Qyzyljar» АЭА 3-ші субаймақтың жағдайына наразы.

«Инфрақұрылымның жоқтығынан ауқымды жобамызды іске асыра алмай отырмыз. Қазір ол жерде тек қосалқы станция тұр. Ол тек екі кәсіпорынды энгергиямен қамти алады. Менің ойымша, аймақ жаңа болғандықтан, барлығы жаңадан салыну керек. Келесі жылы жаңа су құбыры салынады деп жоспарланып отыр. Бірақ оны салып, ескі 1956 жылдан бері келе жатқан коллектормен қалдыру дұрыс емес. Егер болашақта тағы кәріз коллекторымен болған апаттық жағдай қайталанса кәсіпорындарға едәуір шығын әкеледі. Аймаққа жауапты адамдарға бардық. Олар республикадан қаражат бөлінбей жатыр дейді. Осы мәселені шешіп берсеңіздер жақсы болар еді», — деді «Atameken-Agro» май экстрациялау зауытының директоры Сергей Фурсов.

Инфрақұрылымның жоқтығынан кәсіпкерлер зауыттың құрылысын бастай алмай отыр

 

Ал вице-министрдің сөзінше, келер жылы республика бойынша осы «Qyzyljar» АЭА ең көп қаражат бөлінеді.

«Келер жылы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымы мен құрылысына бөлінетін қаражаттың көбі осы Петропавлдағы аймаққа бағытталады. Яғни, 2 млрд теңгеден астам қаражы беріледі. Министрлік жергілікті атқарушы органдардан түскен барлық өтінімдерге қолдау көрсетеді. Келесі жылы бұл мәселелер шешімін табуы керек», — деді вице-министр.

Тағы оқыңыз:Ақсары ауылының тұрғындары көлдің суын ішіп жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x