Айыртау ауданындағы курорттық аймақта қазір 2,6 мың демалушыны қабылдай алатын 44 демалыс орны бар. Оның ішінде сегіз нысан жыл бойы жұмыс істейді. Инвесторлар олардың санын арттырмақ. Сондықтан экоқонақ үйлер, глэмпингтер мен автокеруен салу бойынша 19 жобаны жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жаңа жобаға құйылатын инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шалқар және Имантау көлдерінде екі құтқару бекеті салынады.
Және жолдар ретке келтірілмек. Лобаново ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін асфальт төселді. Курорттық аймақ ішінде де жол жөнделуде.
Бұл жұмыс өңірімізде туристік қызмет көрсету сапасын жақсартып, демалушылар ағынын көбейтуге мүмкіндік береді.
Тағы оқыңыз:Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында жаңа мектеп салынады