Солтүстікқазақстандық ассамблея жастары мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығына барды. Мұндай игі істер 30 күн бойы жалғасын таппақ. Бұл іс-шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жастар «30 қадам ізгілікке» челленджін Петропавлдағы балаларға арналған «Арман» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан бастады. Мұнда қазір 11 бала тұрып жатыр. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін қызықты ойындар, викториналар ұйымдастырылды. Осы арқылы ұйымдастырушылар балалардың арасында сүйіспеншілікті арттырып, жақсылыққа жақын болуға шақырады.

Игі істер уақыты: СҚО-да ассамблея жастары 30 күндік челлендж бастады

«Маған түрлі ойын ойнаған, көпшілікпен араласқан, ән айтқан ұнайды. Алты жасымнан бастап ән саламын. Түрлі байқауларға да қатысып жүрмін. Қазір жасым 15-те. Ассамблея жастарының ұйымдастырған ойындары ұнады. Орталықта тұратын достарымызбен уақытты көңілді өткіздік. Барлығына белсенді қатысып отырмыз», — дейді балаларға арналған «Арман» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының оқушысы Сымбат Дуйшанбе.

Ассамблея жастарының жоспары бойынша олар алдағы 30 күн бойы түрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады. Оның ішінде экологиялық акциялар, әлеуметтік және мәдени жиындар да бар.

«Челлендж аясында біз күн сайын бір іс-шара өткізетін боламыз. Оның ішінде тазалық акциялары, қарттарға көмек, құстарға ұя жасау және қаңғыбас иттерге арналған орындарға да барамыз. Осындай акциялар арқылы көпшілікті қайырымдылық іс жасап, мейірімді болуға шақырмақпыз», — дейді «Ассамблея жастары» РҚБ СҚОФ төрағасы Дариға Смаилова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз қоқыс полигоны үшін тоғыз ауыл әкімі жазаланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *