Жаңа Конституцияда адамның құқығы мен бостандығына ерекше мән берілген. «Мұның барлығы құқықбұзушылықтардың санын азайтады», – дейді Қазақстанның Еңбек ері Геннадий Зенченко, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті қол сұғылмайтын құндылық ретінде қорғалады. Жеке тұлғаның дербестігі күшейтілді. «Мұның барлығы құқықбұзушылықтардың санын азайтады», – дейді Қазақстанның Еңбек ері Геннадий Зенченко.

Белгілі аграридің сөзінше, жаңа құжат әлеуметтік желілерден неше түрлі оқиғаларды көріп жүрген халықтың еш алаңсыз жүруіне мүмкіндік береді. Өзгертулер енгізілді, бірақ соңғы шешімді халық қабылдайды. Геннадий Геннадиевич осы шешім дұрыс деп санайды.

«Жерлестерімді жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Таңдау жасамас бұрын құжатты жіті оқыған дұрыс. Салғырттық танытпай, салмақты шешім қабылдаңыздар. Себебі, бұл – ел тағдырына қатысты шара», — деді белгілі фермер.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық палуан халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *