1 шілдеден бастап елімізде газдың бағасы да өседі. Бұл жайында Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Министр Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, мұндай шешім саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Енді газдың бағасы арзандамайды. Керісінше, алдағы 5 жылда ақырындап көтеріле бермек. Жаңа өзгерістерге сәйкес, халық үшін бөлшек саудадағы газ бағасы республика бойынша 1 текше метр үшін 1-3 теңгенің аралығында болады. Ал ірі коммерциялық тұтынушылар енді 1 текше метр үшін 33 теңге төлейді. Қазіргі құн — 25 теңге.
Тағы оқыңыз: Петропавлда рәміздер күніне арналған автошеру өтті