Петропавлда Ресейдің Қорған қаласынан келген ірі кәсіпкер Олег Колташовқа іздеу жарияланды. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның солтүстігінде экс-депутат астық экспорттауға маманданған еншілес компания ашқан еді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Іздеу жариялау туралы ақпарат жетінші қарашада шықты. Іздеуді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі жариялады. Ал қажетті іс-шараларды Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.

Колташовқа не бойынша іздеу салынғаны немесе оған қандай бап тағылғаны ведомство тарапынан біздің редакцияның ресми сұрауында айтылған жоқ. Олар ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына – сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жарияламау туралы талапқа сілтеме жасаған. Ресми деректерге сүйенсек, кәсіпкер элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорнының иесі.

2022 жылы Қорған облысынан Орта Азияға астық жеткізуді жолға қою үшін ол Петропавлда еншілес компания ашқан. Астық сатып алу және өткізу ісімен айналысатын фирма ҚР-да тіркелген.
Жаңа бизнесті ашуға Қорған облысындағы қоймаларда астықтың көп мөлшерде жиналып қалуы себеп болған.

Кәсіпкердің ауыл шаруашылығы жүктеріне арналған жеке астық таситын теміржол вагондары да бар. 2019 жылы Олег Колташов Forbes жариялаған Ресейдің ең бай мемлекеттік қызметкерлері мен депутаттары рейтингінде 15-орын алған. Ол кезде оның байлығы 766 миллион рубль деп бағаланған.

Тағы оқыңыз: Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін СҚО-да  бірқатар лауазымды адамы жауаптылыққа тартылды 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *