Еліміздің барлық өңірінде «Exitpoll» өкілдері жұмыс істеп жатыр. Мамандар СҚО-да да сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Exitpoll» өкілдерінің сөзінше, тұрғындар сауалнамаға ерікті түрде қатыса алады. Сауалнама барысында жиналған ақпарат негізінде партиялардың және үміткерлердің қанша дауыс жинағаны жайында болжамды мәлімет жарияланады. Интервьюерлер түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Өңірде қалалық және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер 53 адамнан тіркелді. Мәжіліске 10 кандидат. Барлығы 631 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

«Тұрғындар арасында  сауалнама өткізу үшін арнайы курстан өттік. 2 сұрақ қойылады. Қай партия және қай кандидатқа дауыс бердіңіз деп. Жауаптары құпия ретінде сақталады», — дейді интервьюер Гүлнәр Бұрлықбаева.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x