Су басу қаупі бар аймақтардан көшпеген адамдар заң бойынша жазалануы мүмкін. Жауапты мамандардың жұмысына кедергі жасаған тұрғындарға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су деңгейінің жоғарылауына байланысты табиғи жағдайдағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Қазіргі уақытта жедел штабтың шешімімен тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, жануарлар эвакуациялануда. Алайда, кейбір өңір тұрғындары үйлерін тастап кетуден бас тартып жатыр. ҚР заңының 50-бабы, 10-тармағына сай мамандар төтенше жағдай орын алған аймақтан тұрғындарды қауіпсіз жерге шығаруға міндетті. ҚР Кодексінің 667 бабына сәйкес құқық қорғау органдарына бағынбай, олардың жұмысына кедергі жасағандарға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Немесе, 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Сол себепті де, мамандар тұрғындарды заңға бағынуға шақырады.
Тағы оқыңыз:Су тасқыны кезінде малынан айырылған тұрғындарға өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді