Ескендір Елеусізов: Елдің бірлігі – басты құндылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті. Су тасқынына байланысты биыл жиын онлайн форматта ұйымдастырылған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Келесі жылы Ассамблеяның отыз жылдығы аталып өтілмек. Осы орайда Президент достық үйі этномәдени бірлестіктер бас қосатын орын ғана болып қалмауы керек екендігін айтты.

Ескендір Елеусізов: Елдің бірлігі – басты құндылық

«Ассамблея бірегей азаматтық институт ретінде өзара құрмет пен сенімнің қоғамда орныға түсуіне зор үлес қосып келеді. Біз алдағы мерейлі белесті Ассамблея қызметін халыққа түсіндіріп, насихаттауға және азаматтарды ел бірлігін нығайту жолындағы ауқымды жұмысқа жұмылдыруға ұтымды пайдаланамыз. Үкімет Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғам өкілдері қатысатын осы іс-шараның бәрі іскерлік сипатта болуға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидамызды паш ететін іс-шаралар мен әлеуметтік сипаттағы жобалардың барлығы өзара үйлесім табуы керектігін айрықша атап өтті. Осы орайда елдің болашағы да, дамуы да бірлікте екенін солтүстікқазақстандықтар жақсы түсінеді.

«Президенттің ассамблея сессиясында сөйлеген сөзі біздің болашағымызға бағдар, алға қойған мақсат болуы керек. Себебі, бірлік болса алынбайтын қамал жоқ. Елдің дамуы, елдің болашағы, болып жатқан қиыншылықтардың барлығын бірлік арқылы жеңе аламыз. Мемлекет басшысын тыңдай отыра, біз ақсақалдар кеңесі, алда не істей аламыз, қай бағытта жылжуымыз керек деген сұрақтарға жауап алдық. Алдағы жоспар құруға ой тастады», — дейді СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Тағы оқыңыз: Айыртау ауданында бүтін бір отбасы иіс тиіп уланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x