СҚО-да есірткіні жарнамалап, сатқан жігіт ұсталды

Солтүстік Қазақстанда есірткіні жарналамалайтын жазу жазған және саудалаған жігіт ұсталды. Ол Жамбыл облысынан келген 22 жастағы жігіт болып шықты, деп жазады Qazaqstan Media.

Күдіктінің есірткі жарнамасы мен саудасына қатысы бар екенін жергілікті кәсіпкер айтқан. Ол полицейлерге хабарласып, оның дүкенінің сыртында орналастырылған бейнекамераға есірткіні жарнамалайтын граффитиді салу процесі жазылғанын хабарлаған. Осы жазбаның арқасында Жамбыл облысының 22 жастағы тұрғыны жедел түрде анықталып, ұсталды. Оның айтуынша, ол жақында қалаға келіп, 50-ге жуық граффити салып үлгерген.

«Күдіктінің жалдамалы тұрғын үйін тінту кезінде бояу құтыларынан басқа 160 грамм мефедрон және “α-PvP” синтетикалық есірткі, электронды таразы, буып-түю материалдары табылды. Қазіргі уақытта жас жігіт қамауда отыр. Ол есірткіні жарнамалап, насихаттады, сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сатты деген күдікке ілінді», – деп хабарлайды тәртіп сақшылары.

Полицейлер еріктілермен бірге есірткі сататын интернет-дүкендердің мекенжайлары жазылған граффити жазуларды бояу бойынша кезекті акция ұйымдастырды. Ол шаһардың шеткі аудандарының бірінде өткізіліп, 50-ден астам жазба боялды.

Бұған дейін редакция интернет-дүкен арқылы пайда тапқысы келген есірткі саудагерінің сотталғаны туралы жазған болатын. Жеңіл жолмен ақша таппақ болған азамат, саудасын интернет-дүкен арқылы жүзеге асырмақ болған. Ол бір ай шамасында 40 мың теңге көлемінде сауда жасап, қолға түсті. Кейін сот оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына үкім шығарды.

Егер есірткі жарнамасына қатысты жағдайлардың куәсі болсаңыз полицияға 8 (7152) 39-41-93, WhatsApp 8-707-500-96-65 немесе «102» арнасы арқылы хабарласуға болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да анасы пышақтаған қыздың жағдайы белгілі болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x